Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 03:14 primeminister.kz
Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын, 2002 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

1999-2000 жылдары – Инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры.

2001-2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: