Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 16 адам көз жұмды
28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
28 қаңтардағы жағдай бойынша 27 348 адам КВИ-ден ем алып жатыр (15 690 КВИ + және 11 658 КВИ-), олардың 6 525-і стационарда, ал 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ- пациенттерінің арасында:
• ауыр жағдайда - 274 науқас,
• жағдайы өте ауыр - 47 науқас;
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 34 науқас.
Бір тәулік ішінде 11 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап КВИ-дан көз жұмғандардың жалпы саны - 2521.
COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәліметтер
2021 жылдың 26 қаңтарында аурудың 88 жағдайы тіркелді, 5 жағдай кісі өліммен аяқталды. Ем алған 88 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
47 658 науқас тіркелді, кісі өлімі - 564, ем алып, сауыққан барлық адам саны - 35 436.