Жаңалықтар тізбегі
0

Қосшыда айқай-шу. Пәтерге миллиондап құйғандар әлі баспанасына кірмеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 18:08 видеодан кадр
Салымшылар бұл мәселенің қашан шешілетінін білмейді.

Елорда маңындағы Қосшы ауылында бірнеше жылдан бері 300 адам баспаналарына кіре алар емес. "Даймонд Парк" деп аталатын тұрғын-үй қалашығынан пәтер алғандар өз үйіміз барда, бөтеннің баспанасын жалдауды шаршадық дейді. Шыдамы таусылған бір топ салымшы жиналып, мердігердің кеңсесіне баса-көктеп кірді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қосшыдағы "Даймонд Парк" тұрғын үй қалашығынан пәтер алып, далада қалғандар ашулы. Өйткені 3-4 жылдан бұрын 5 миллионнан бастап қаржы құйғандар баспаналарына әлі де кіре алмай әлек. Солардың бірі Береке Оспанов.

Береке Оспанов, салымшы:

Былай санап көргенде біз 250-300 адамдай болуға тиіспіз. Семья жандарын санасақ, ол жарты мың, 500 адам солардың тағдыры байланысты болып тұр. Адамдарға баға жағынан тиімді, жағымды баға болған соң, көбісі мен сияқты зейнеткер, көпбалалы аналар.

Өкініштісі, осы 300 адамның ішінде жеке пәтерінің қызығын көре алмай, өмірден озғандары да бар. Дегенмен, құрылысты жүргізгендер мұндайды еш пысқырмайды дейді наразы топ.

Шынар, салымшы:

2017 жылдан бері не үйіміз жоқ, не соғылмай жатыр, не қала берді құрылысшының өзін таппай дал болып қалдық. Кімнен пана, көмек сұрарырымызды білмей қалдық осы күні.

Үй-күйсіз жүргендер "Даймонд Паркті" жарты жолда салмай кеткен "Академия жилья" компаниясының Қосшыдағы кеңсесіне де барды. Алайда ондағы жалғыз маман келушілерді суық қарсы алды.

"Здесь касса. Это кассир. А бухгалтерия, офис находится Сыганак, 29, 5 этаж".

Салымшылар қалада құрылыс компаниясының кеңсесінің жоқтығын айтады. Біз басшыларына хабарластық. Алайда, ешкім тұтқасын көтермеді. Айта кетсек, біздің арна бұған дейін де осы мәселені эфирде көрсеткен еді. Сол кезде мердігердің бірі былай деген болатын.

Дархан Ибрагимов, құрылыс компаниясы басшысының орынбасары:

2021 жылы, ақпан айында жағдайымыз жақсы болса, құрылысты аяқтаймыз. Ал, инфрақұрылым, абаттандыру сынды жұмыстарды мамыр, не шілде айында бастаймыз.

Құрылысқа қыруар қаржысын салғандар сол уәдеден кейін де ешқандай жұмыс жүргізілмегенін айтады. Амалы қалмаған салымшылар Целиноград аудандық округінің әкімдігіне де барды. Шенеуніктер сол жерде тағы бір шикіліктің басын ашты.

Комиссия құрылып жатыр қазір. Сіздерге келеді. Білесіздер ғой, қазір құрылыс тоқтады. Сибирская язваның территориясын анықтау үшін межведомственная комиссия құрылып жатыр.

Шенеуніктің сөзінше, тұрғын-үй қалашығын ауданында Сібір жарасы дертінен қырылған малды да көмген деген күдік бар. Қазіргі кезде соны анықтау үшін де арнайы ведомствоаралық комиссия жүмы істеп жатқан көрінеді. Ол алдағы екі айда нақты шешім шығармақ. Ал, салымшылар бұл мәселенің қашан шешілетінін білмейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: