Өскемендегі трамвай паркі мемлекет меншігіне алынады
ҚазАқпарат
Даниал Ахметов бұл мәселе қалай шешілетінін айтып берді.
Облыс әкімі Даниал Ахметовке жұрт алдындағы есебі барысында трамвай паркінің тағдырына қатысты сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өскемендегі трамвай паркінің «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қарызы өскендіктен жұмысы тоқтауға шақ тұр. Электр энергиясын ұсынушы компания бұған дейін бірнеше рет тоқ беруді тоқтату шарасын қолданбақшы болған. Даниал Ахметов бұл мәселе қалай шешілетінін айтып берді.
«Біз әуелі трамвай паркін жеке меншіктен мемлекет балансына қайтарамыз. Содан кейін парктің вагондарын, рельстерді жаңалауға қомақты қаржы бөлеміз. Жалпы трамвай паркін бастан-аяқ жаңалау қажет. Вагондардан бөлек, электр сымдары мен бағаналардың әбден тозығы жеткен. Тозығы жеткен трамваймен жүре бергісі келетіндер де бар. Парктің қазіргі иесі бізге көп уәде берді. Сол уәденің орындалуын ұзақ күттік. Ешбірі орындалған жоқ. Тартам деген инвесторлары да, несие береді деген банктері де оның бұл идеясынан хабарсыз болып шықты. Сондықтан трамвай паркін жаңғыртуды өз қолымызға алуға мәжбүрміз, - деді Даниал Ахметов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript