Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 22:36 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайында баяндалды.

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайында баяндалды.

Алик Шпекбаев Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы және еліміздің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша ілгерілегені туралы айтты. Агенттік төрағасының айтуынша, жүйелі жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың арқасында Қазақстан аталған рейтингте алғаш рет 38 балл жинаған. Бұл еліміздің 19 сатыға жоғары көтеріліп, 94-ші орынға табан тіреуіне мүмкіндік берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің шығындарды өтеу және тиімсіз жұмсалған қаржының алдын алу бойынша атқарған жұмысының нәтижесінде 95,6 миллиард теңгенің кері қайтарылғанын, оның экономикалық тиімділігін оң бағалады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 5 пайызға төмендегенін атап өтті.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалық бастамаларды сапалы түрде жүзеге асыруға және ЭЫДҰ мен ГРЕКО стандарттарына сәйкес салалық заңнаманы жаңғыртуды жалғастыруға, оның ішінде, шенеуніктердің шығыстары мен кірістері бір-біріне сәйкес келмегені үшін жауапкершілік енгізу мәселесіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына жазаны бұлтартпай орындау қағидатын қатаң сақтаудың маңызды екенін айтып, қылмыстың алдын алу ісінде азаматтық қоғаммен байыпты жұмыс жүргізуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: