Жаңалықтар тізбегі
0

Вакцинадан мерт болғандарға арналған. Желідегілер тағы дүрлігіп жатыр

Los Angeles Times, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 17:59 Los Angeles Times
Видеода түсірілген қойма тиесілі Amazon компаниясының ресми өкілдері видеоға қатысты пікірлерін әлі білдірмеді және осы тақырып бойынша түсініктеме берген жоқ.

Желідегілер қораптарға салынған мәйіттерге арналған қаптар қоймасы түсірілген видеоны талқылауда. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл қара жылтыр қап COVID-19 вакцинасын алғандарға арналған, деп хабарлайды zakon.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны желіге @_TheCoolTwin лақап атымен тіркелген падаланушы жүктеген. Кадрларда Amazon компаниясына тиесілі қойма қызметкері жүздеген қорап салынған палеттерді көрсетеді. Олардың кейбірінде ішінде мәйіттерге арналған қаптар бар деген жазу жазылған. Содан кейін қораптардың бір бөлігі FedEx жеткізу қызметінің логотипі бар жүк көлігі алып кетеді. АҚШ-та қайтыс болғандардың денелеріне арналған сөмкелерге деген сұраныстың артуы вакцинациямен емес, COVID-19-дан көз жұму жағдайларының артуымен байланысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 17:59

Қазіргі кезде Қазақстанда сегіз өңірде COVID-19 жұқтырған науқастар саны артқаны байқалады. Мұны вакцинациямен байланыстыру мүмкін емес, өйткені ол елімізде тек 1 ақпанда басталады.
COVID-19 қарсы вакцина өлімге әкелуі мүмкін деген пікірлер негізсіз. Препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген.

Сондай-ақ, видеода да, оның сипаттамасында да дайындалған қаптардың қанша ауруханаға, қалаға және елдерге арналғаны айтылмаған. Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды.

Видеода түсірілген қойма тиесілі Amazon компаниясының ресми өкілдері видеоға қатысты пікірлерін әлі білдірмеді және осы тақырып бойынша түсініктеме берген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: