Семейде қара қар жауды
Семей көшелерін жапқан қап-қара қар жергілікті жұрттың зәре-құтын қашырып отыр. Тұрғындар будақтаған қара түтінге қақалып, денсаулықты әбден құртатын болдық дейді. Сонда айналаны қар қардың басуына не себеп? Бұған қатысты жауаптылар не дейді?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Дегенмен, биылғы қара қардың қалыңдығы жылдағыдан әлдеқайда көп. Үйдің іші шаң-тозаң, көліктер мен көшелер көк түтінге толы. Ауадағы көміртек оксидінің шамадан тыс болуы түбінде жақсылыққа апармасы анық. Оны арнайы маман түгілі, қарапайым халықтың өзі бес саусағындай біледі.
Даудың басы жылу станциясынан басталды.
Экология министрлігінің жүргізген зерттеуіне сәйкес, жылу электр станциясының жұмысынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Дәлірек түтін жолдарының техникалық жай-күйі сын көтермейтіні, онда саңылаулар мен тесіктер бар екені белгілі болды. Салдарынан ауаға тараған көміртек оксиді шамадан екі есе жоғары екен.
Жылу электр станциясының басшылығы қаланың қара қарға жамылуын қазандықтың толыққанды жұмыс істемей, салдарынан көмірдің соңына дейін жанып үлгермеуімен байланыстырып отыр. Дегенмен мәселе шешулі үстінде деп сендірді. Бұған 2 млрд теңге қарастырылыпты.