Жаңалықтар тізбегі
0

Аиша мен Наргиза. Төсіне пластикалық ота жасатпақ боп, опық жеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 22:44 видеодан кадр
Табиғи мүсінін пышаққа түсіп түзеткісі келгендер.

Соңғы үш жылда сұлу болуға құмартып, дене бітімін өзгертуді көздеген нәзік жандар қарасы көбейіпті. Алайда, барлығы бірдей сәтті емес. Өйткені, пластикалық ота үстеліне жатқандардың көпшілігі керісінше түрлі дертке шалдығып, ажарлана түсудің орнына ауру болып жатқан көрінеді. Мұның ең басты се бебі – жалған жарнама мен тәжірибиесіз дәрігерлер дейді мамандар.

Табиғи мүсінін пышаққа түсіп түзеткісі келгендер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Сұлулық құрбандықты талап етеді" деген сөздің төркіні бүгінге арналғандай. Олай дейтініміз дене пішімін өзгертіп, айналаға сұлу болып көрінгісі келетін қыз-келіншектердің қарасы қалың екен. Олардың барлығы түрлі жарнама мен арзан отаға құмартып басын қатерге тігеді. Алайда, бәріне бірдей мұндай бақыт бұйырмай тұр. Мәселен мезонити инелерін қабылдау арқылы бет пішінін тартқысы келген Аиша Тұрдиева бұл ісіне әлі күнге дейін өкінеді. Себебі, сәтсіздікке душар болдым дейді.

Аиша Тұрдиева, зардап шегуші:

Маған жеткілікті деңгейде мезонити инелерін қоюы тиіс еді. Берген құжаттарында қырық деп көрсетілген, алайда небәрі 18 ғана қойыпты. Барып айттым, алайда мардымды жауап ала алмадым. Соның кесірінен үлкен қателікке жол бердік. Кейіннен бетімді түзету үшін тағы бір рет қыруар қаражат төлеп, білікті мамандарға жүгінуге тура келді.

Бұдан бөлек, пластикалық ота жасаушылар ерін үлкейтіп, бөксені қалпына келтіруден бөлек денедегі түрлі ісіктерде де жоямыз деп көпшілікті сендіреді екен. 2019 жылы төсіндегі ісігін жойдырмақшы болған Наргиза әлі күнге дейін зардабын тартып жүр. Алдымен ота жасап, кейіннен тігілген жіптер өздігінен жоғалып кетеді деген. Бірақ, бірнеше рет ауыр жағдайға түсіп, қазір тіпті дәрігерлер бұл жіпті алудан басын алып қашуда дейді. Әлі күнге дейін сонымен арпалысып келеді екен.

Наргиза Ерметова, зардап шегуші:

Мен жақпа жаққан кезде жазыл жіптер шықты. Дәрігерлер мұны өзі жойылып кетеді деген. Тіпті, осыдан кейін түрлі ауруға шалдыққансың деп анықтамалар да сұрады. Бармаған жерім жоқ. Енді денемдегі жіптерді алдырайын десем, ешбір дәрігер келіспей отыр. Себебі, отаның қате жасалғанын барлығы біліп тұр.

Осы уақытқа дейін төрт миллионнан астам қаражат жұмсадым деген Наргиза толықтай жазылмағанына қапалы. Тіпті, ота жасаған дәрігерім жағдайымның дұрыс еместігін айтқаннан кейін бірден із-түзсіз жоғалып хаттарыма жауап бермей кетті дейді. Ал, пластикалық отаны кәсіби түрде жасап жүрген мамандар болса қазіргі уақытта көптеген арулардың дәл осы жағдайлармен қиналып жүргенін жасырмайды.

Леон Дерябин, пластикалық хирург:

Мұндай жағдайлар көбіне сұлулық салондарында жүргізіледі. Бет, тырнақ, шаш әрлейтін орындардың ішінде пластикалық отаға арналған арнайы кабинеттер болады. Ол жерде лицензиясы бар ма, тәжірибиесі бар ма, стандартқа сәйкес келе ме, оны ешкім тексермейді. Сондықтан көптеген тұрғындар осындай жағдайға душар болып жатыр.

Маман мұндай жағдайрлардың алдын алу үшін барлық орындардың лицензиясы ең бірінші тексерілуі тиіс дейді. Ал сұлулыққа құмартқан қыз-келіншектер пластикалық ота жасайтын орынның құжаттарын талап етуі тиіс. Жалған жарнама, арзан ота өміріңізге өзге ауруларды демде әкеледі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу қажет. Ал, ол үшін алғаш кездескенге алданбай, барлық дүниенің байыбына барған дұрыс деп санайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: