Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 15:33 видеодан алынды
Жергілікті тұрғын су көлігінің астына түсіп қалса керек. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған.

Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды. Оның суға аққан дене мүшелері екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылу кезінде моторлы қайықтың астында қалып қойған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы жағдай сенбі күні түнгі 11 шамасында Шаған өзенінде болған. Жергілікті тұрғын су көлігінің астына түсіп қалса керек. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. Басы мен екі қолы әлі табылмай жатыр. Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де белгісіз. Иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Содан бері таптырмай жүр. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ал дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.

Жасұлан Жұмашев, БҚО ТЖД бастығы:

- Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз.

Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: