Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бекетаевты қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2021 00:11 Ақорда
Әділет министрі Президентке заң жобаларының әзірлену барысынан есеп берді.

Мемлекет басшысы Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділет министрлігінің өткен жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары жайында баяндалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2021 00:11

Әділет министрі Президентке заң жобаларының әзірлену барысы, оларға құқықтық сараптама беру жайында айтты. Сонымен қатар бизнес өкілдері мен азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселесі бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінде адвокаттардың және заң жөніндегі кеңесшілердің қызметін реттеу, олардың жұмысын цифрландыру, аталған сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, тәртіптік функцияларды дамыту мақсатында бірқатар бастамалар іске асырылып жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Бекетаевқа заң жобаларын дайындау жұмыстарын сапалы жалғастыруды, азаматтар мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру тұрғысындағы бастамаларды жоғары деңгейінде атқаруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: