Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2021 22:41 zakon.kz
Келісімді ратификациялау ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жедел ақпарат пен көмек ұсынуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Келісімді ратификациялау ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жедел ақпарат пен көмек ұсынуға мүмкіндік береді. Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез-келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.

Одан бөлек Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, одан соң "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: