Зейнетақы жинағын шешіп алуға өтініш бергендер арасында Алматы көш бастап тұр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 20:47 zakon.kz
Мақұлданған өтініштердің абсолютті көшбасшысы және зейнетақы жинақтары бойынша абсолютті көшбасшы қала - Алматы.

Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте "Отбасы Банкі" АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын алуға өтініш бергендердің саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұрғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - Алматы қаласы, - деді Ибрагимова бүгінде берілген өтініштер саны бойынша көш бастап тұрған аймақ туралы сұраққа жауап бере отырып.

Оның айтуынша, мақұлданған өтініштердің абсолютті көшбасшысы және зейнетақы жинақтары бойынша абсолютті көшбасшы қала - Алматы.

Бұған дейін хабарланғандай, тұрғындардың зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен асып түсетін негізгі төрт аймақ бар: Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау мен Атырау облыстары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: