Алматыда екі күнде бір мыңға жуық адамға екпе салынды
![kabar.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 21:35](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-51e35165-fb03-4b98-979f-aada08d5b5aa/800x452.webp)
Кеше, 1 ақпанда 360 адамға вакцина егілді.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы екі күнде коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Кеше, 1 ақпанда 360 адамға вакцина егілді. Осы сағатта тағы 540 дәрігер вакцина алды. Бүгінгі күннің соңына дейін вакцинацияланған адамдар саны одан да көп болады, - деп хабарлады ведомстводағылар.
Басқарма ақпан айында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау науқанының бірінші кезеңінде мына тұлғалар: жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері, жедел медициналық көмек қызметі, жан сақтау бөлімі, жедел жәрдем бөлімдерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері вакцинацияланатынын еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript