Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық министрлігі "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда тіркелмегенін мойындады

sk-pharmacy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 15:19 sk-pharmacy.kz
"Жақында бұл вакцинаны Қазақстанда тіркейміз", - дейді Ерлан Қиясов

1 ақпанда Қазақстанда ресейлік "Спутник V" ваксинасын егу науқаны басталғанына қарамастан, препарат республикада әлі тіркеуден өтпеген. Мұндай мәліметі Азаттыққа министрлік 3 ақпандағы брифингте растады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тіркеу құжаты қаралып жатыр, біз қажетті құжаттарды әзірлеп жүрміз", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерлан Қиясов.

Тағы бір вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, "екпе науқаны қарсаңында министрлік Ресейден клиникалық сынақтың бірінші, екінші және үшінші кезеңдеріне қатысты есеп алдырған", содан кейін ғана оларды Қазақстанға әкелуге рұқсат берілген.

Алайда министрлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмегенін растады.

"Жақында бұл вакцинаны Қазақстанда тіркейміз", - дейді Ерлан Қиясов.

1 ақпанда басталған науқанның алғашқы кезеңінде екпе медицина қызметкерлеріне салынып жатыр. Екінші кезеңінде мұғалімдерге екпе салынады.

2 ақпанда британдық ықпалды Lancet медициналық журналы "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 91 пайыз екенін хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "Спутник V" вакцинасын шұғыл түрде қолданатын препараттар тізіміне әлі қосқан жоқ.

Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып алуға 16,8 миллиард теңге (шамамен 40 миллион доллар) бөледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: