Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 1 млн азаматтың 2 млрд теңге салық қарызы кешірілді

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 15:43 liter.kz
Азаматтардың өсімпұлдарын есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық қорытындысы.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын хабарлайды.

Жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес жүргізілді.

Есептен шығарудың басты шарты салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу болды.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ еді. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті болды және өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылды.

Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 697 164 206 теңге негізгі қарызы және 4 254 324 271 теңге мөлшерінде өсімпұл сомасы бар
1 513 879 азаматтың салықтық рақымшылыққа қатысуға құқығы бар болатын.

Жыл қорытындысы бойынша өсімпұлды есептен шығару шарасын 1 057 764 азамат (70%) пайдаланды, олар бойынша 14 849 385 721 теңге (68%) мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленді және 2 050 503 348 теңге (48%) сомасында өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтар бойынша статистика мынадай:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 15:43

Мемлекеттік кірістер комитетімен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция қорытындысы бойынша 1 млн.астам азаматтың 2 млрд теңге қарызын есептен шығарды.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы салықтық рақымшылықты пайдаланғандардың саны бойынша нәтижелер 2019 жылғы өткен салықтық рақымшылықтың нәтижелерінен асып түскенін атап өтеді (2020 жылы 1,1 млн.азамат, 2019 жылы 755,7 мың азамат немесе 300,0 мың азаматқа көп).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: