Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізінде тәулік бойына балық аулауға рұқсат берілді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 17:31 видеодан алынды
Сонымен қатар, шекара қызметі қазір балықшыларды онлайн режимінде бақылайды.

Балықшыларға Каспий теңізіне тәулік бойына шығуына рұқсат етілді. Тиісті норма Каспий теңізіндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов 2020 жылы балық шаруашылығымен айналысатын 7000 Қазақстан азаматы теңізге шыққаны туралы мәлімет тіркелгенін айтты.

Бұрын балық шаруашылығы күндіз ғана жұмыс істейтін, осы заң жобасына сәйкес, егер қажеттілік болып жатса, уақытында біз көмек көрсете алуымыз үшін GSM трекерлерін пайдалана отырып, олардың енді тәулік бойына жұмыс істеуіне болады, - деді Ділманов Сенаттың жалпы отырысында.

Сонымен қатар, шекара қызметі қазір балықшыларды онлайн режимінде бақылайды. Әрбір теңізге шығу немесе мемлекеттік шекарадан өту әрекеті арнайы электронды платформадан көрініп тұрады.

Заң жобасы аумақтық сулардың енін 12-ден 15 милге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Балық аулау аймағында теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу және акваторияның акваториялық биологиялық ресурстарын аулау тәртібін анықтайтын арнайы режим енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: