Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа агенттік төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 18:41 Ақорда
Бұл лауазымды қызметке Ермек Оспанов келді.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып Ермек Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын", делінген Ақорда сайтында.

Оспанов Ермек Әшімханұлы 1982 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында туылған.

Білімі жоғары:

2003·жылы – КИМЭП Университеті (іскерлік әкімшілік бакалавры).

2008 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (заңгер).

2010 жылы – IE Business School Халықаралық бизнес-мектебі (Испания), МВА (іскерлік әкімшілік магистрі).

Еңбек жолы:

2003-2004 жж. – Алматы қаласының "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Әдістеме және талдау басқармасының бас маманы.

2004-2005 жж. – Алматы қаласының "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Бағалау және тәуекелдерді өлшеу басқармасының қаржы нарығын зерттеу секторының риск-менеджері.

2005-2006 жж. – "Алматы қаласының әкімі аппараты" ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

2006 ж. – "Алматы қаласының Қаржы департаменті" ММ қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің бас маманы.

2006-2009 жж. – "Алматы Строй Контракт" ЖШС, "СP Asset Management" ЖШС құрылыс компанияларының қаржы менеджері/қаржы директоры.

2011 ж. – "КПМГ ТаксэндЭдвайзори" ЖШС корпоративті келісімдерді сүйемелдеу бойынша 2-бөлімнің аға консультанты,

2011-2012 ж. – "KGF" ("КейДжиЭф") ЖШС инвестициялық менеджері,

2012 ж. – "Verny Investment Holding" ЖШС Корпоративті қаржы департаментінің аға аналитигі

2013-2014 жж. – "Тау-Кен Самұрық" АҚ Корпоративті қаржы департаментінің директоры,

2015 ж. – "Arai pro" ЖШС даму жөніндегі директоры,

2016-2017 жж. – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқарушы директоры

2019 ж. – "Kazakhstan Investment Development Fund" Басқарма Төрағасының орынбасары,

2019 жылғы 20 қарашадан 2020 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы және кеңесшісі,

2020 жылғы 4 ақпаннан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: