Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мамин Алматыда кеңес өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 22:15 primeminister.kz
Үкімет басшысы барлық жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және оның орынбасарлары баяндама жасады. Талқылауға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Инженерлік, көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, білім беру және денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау және Алматы қаласын газдандыру мәселелері қаралды. Алматы агломерациясын дамыту және 2020-2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

"Алматы қаласы елдің ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие. Мегаполистің одан әрі айтарлықтай даму әлеуеті бар. Жаңа жұмыс орындарын құру, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды және жалпы алғанда, Алматы агломерациясының экономикасын дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет", – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы барлық жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды, сондай-ақ Алматы қаласын одан әрі дамытуға инвестициялар тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға 1,052 трлн теңгеге дейін өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 6,9%-ға (машина жасау 35,8%-ға, фармацевтика 43,5%-ға, қағаз өндіру 95,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 5 есе) артты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ға 971,2 млрд теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 402,7 млрд теңгені құрады (+10,6%), 2,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+14%).

2021-2024 жылдары Алматы қаласында 35,4 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 4,5 трлн теңге болатын 201 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Биыл 7 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, 187,9 млрд теңгеге 92 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жұмыс сапары аясында А. Мамин Алматы қаласының тұрғын үй инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі "SmArt.Point" коворкинг орталығын аралады, онда АТ, қаржы технологиясы, онлайн-сауда, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, киберқауіпсіздік, блокчейн, АT-білім беру, медиа, автоматтандырылған логистика, жасанды зерде, роботты техника және т. б. салалардағы 60-тан астам компания ұсынылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: