Нұр-Сұлтаннан шығатын жолда автокөліктер кептеліп қалды
2021 жылғы 7 ақпанда таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі орын алды, олар автожолдардың ашылуын күтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Сағат 13.15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын автокөлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты. Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен Нұр-Сұлтан қаласына шықты. Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалалдарына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының автожолында автомашина кептелісі жоқ.
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдар жабылған болатын.
Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.