Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан нарығына шетелдік сақтандырушылар келеді

teamwinston.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 15:30 teamwinston.com
Шетелдік қаржы ұйымы алдымен филиал ашуға рұқсат, содан кейін Агенттіктің тиісті лицензиясын алуға тиіс.

Шетелдік сақтандырушыларды қазақстандық нарыққа жіберу және олардың қызмет ету тәртібін айқындайтын заң 2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру кезінде алған міндеттемелеріне сәйкес күшіне енді, деп хабарлайды zakon.kz fingramota.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы қазақстандық сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 665 млрд теңгеге дейін 20%-ға ұлғайды. Нарық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігінің жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталады. Шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларының Қазақстан нарығына келуі шетелдік нарықтарға шығуға, ірі шетелдік компаниялардың ұлттық сақтандыру нарығына қол жеткізуіне жол ашады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық нарықта шетелдік сақтандырушылардың қызметін бастауға рұқсат беру тәртібін анықтайтын бөлігінде ғана емес, сонымен қатар оларды реттеу бойынша талаптарды күшейтті, - деді Төрағаның орынбасары Мария Хаджиева.

Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық қызметті бастау үшін шетелдік қаржы ұйымы алдымен филиал ашуға рұқсат, содан кейін Агенттіктің тиісті лицензиясын алуға тиіс.

Шетелдік сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру төлемдеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болуға және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ-пен қатысу шарты болуға тиіс. Филиалдармен жасалған шарттар бойынша төлемдерге "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ қаражаты есебінен кепілдік беріледі, бұл филиал жабылған жағдайда сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары шеңберінде сақтандыру шарттары бойынша үздіксіз төлемдерді жүзеге асыруға және сақтандыру портфелінің құрамына кіретін міндеттемелерді орындау бойынша сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді -, деп түсіндірді Қаржы реттеушісі төрағасының орынбасары.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 15:30

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін шетелдік филиал резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыруы және оларды сенімділік деңгейі жоғары Қазақстанның екінші деңгейдегі банкіндегі ағымдағы шотқа орналастыруы тиіс. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы 5 млрд АҚШ долларына баламалы сомадан төмен болмауға тиіс, бұл ретте жұмыс тәжірибесі - сақтандырудың барлық салалары мен сыныптарында кемінде 10 жыл құрауы қажет.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы жалпы сақтандыру немесе өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметін, сондай-ақ тиісті лицензияларды алған жағдайда қазақстандық сақтандыру компаниялары үшін ұқсас қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыра алады.

Бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын пруденциялық реттеу жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін жарғылық капиталдың талап етілетін ең төменгі мөлшерінің орнына РҚА-ның ең төменгі мөлшерін (сақтандыру саласына байланысты 1,5 млн АЕК-тен 10,5 млн АЕК-ке дейін) белгілеуді көздейді. Қаражат Standard & Poors рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес халықаралық шкаласы бойынша ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарында орналастырылады.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметіне тексеру жүргізу кезінде Агенттік шетелдік қаржылық қадағалау органынан ақпарат алуға құқылы. Бұл ретте, бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктер анықталған жағдайда, Агенттік одан аудит жүргізуді талап ете алады.

Бейрезидент-сақтандыру ұйымы шетелдік қаржылық қадағалау органының рұқсаты негізінде қызметін өз еркімен тоқтата алады. Сондай-ақ, Агенттіктің лицензияны қайтарып алуына байланысты мәжбүрлі түрде тоқтатылады. Бірақ мен айтып кеткендей, бұл жағдайда клиенттердің қолданыстағы шарттары бойынша төлемдерге кепілдік беріледі. Қызметті тоқтатуға негіз - сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, бейрезидент-ұйымды лицензиясынан айыру немесе оны тарату болуы мүмкін, деп түйіндеді М.Хаджиева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: