Талдықорған қаласының прокуроры тағайындалды
mail.kz
Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалғанға дейін ол Алакөл ауданының прокуроры болған.
ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ашеев Бақытжан Мұратұлы Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ашеев Бақытжан Мұратұлы 1982 жылы 31 шілдеде дүниеге келген.
Ол 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.
Ол әр уақытта Қарасай ауданы және Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды
Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалғанға дейін ол Алакөл ауданының прокуроры болған.
Прокуратурадағы жұмыс өтілі - 18 жыл.
Шені - әділет кеңесшісі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript