Елімізде көше мен алаң атауларын ауыстыруға тыйым салынбақшы

noks.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 20:21 noks.kz
Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің құрамдас бөліктеріне - шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, жолдар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқалары жатады.

Қазақстанда халық санағы жүргізілгелі жатыр. Осы ауқымды науқан аясында елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге белгілі бір мерзімге мораторий енгізу ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының халқының ұлттық санағы жөніндегі 2021 жылғы арнайы комиссияның алғашқы отырысында айтылды.

"Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құрылымдау және жою және елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қарастырылды", делінген құжатта.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің құрамдас бөліктеріне - шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, жолдар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқалары жатады.

2021 жылғы халық санағын дәстүрлі форматта (үй-үйді аралау) және онлайн форматта өткізіледі, бұл кезде қазақстандықтар арнайы веб-сайт арқылы санаққа қатыса алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: