Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік банк өкілімен кездесті

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 23:59 Баспасөз қызметі
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дүниежүзілік банктің Өңірлік директоры Лилия Бурунчукті және Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланып, сондай-ақ қазақстандық экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған «реформалар матрицасын» әзірлеуді аяқтау мәселелері қарастырылды.

Министр сұхбаттастарын коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды. Ол Дүниежүзілік банк басшылығына COVID-19-ға қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: