Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропарламенттің сынын Қазақстан билігі жақтырмай қалды

bureau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2021 15:25 bureau.kz
Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің Қазақстанға қатысты резолюциясына жауап берді.

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров "ҚазАқпаратқа" берген сұхбатында резолюцияда айтылған адам құқықтарына қатысты мәселелер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, қарарды теріс пиғылдағы саясаткерлер ұсынған, дейді malim.kz.

Біздің көзқарасымыз бойынша, резолюция мәтіні елдегі шынайы жағдайды бұрмалап көрсеткен және оны теріс ұстанымдағы саясаткерлер деструктивті орталардың жалған ақпараттары негізінде ұсынған. Қазақстан мақсатты түрде адам құқығы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған "Еститін мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес, ауқымды саяси реформаларды бастады. Еуроодаққа мүше елдердің мемлекет басшысы бастаған реформаларды қолдағанын ескере отырып, Еуропарламент қабылдаған аталмыш құжат пен оған пайдаланылған ақпараттардың сенімділігі түсінбеушілік тудырады, – деді Смадияров.

Бұған дейін Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқығына қатысты арнайы қарар қабылдаған. Онда еуродепутаттар елде тәуелсіз ұйымдар мен белсенділердің қудаланып, қамалып, қысым көріп жатқанын айтады.

Онда Еуропарламент 2020 жылы Нұр-Сұлтан изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған Дулат Ағаділ мен кісі қолынан көз жұмған оның ұлы Жанболат Ағаділдің өлімін тексеру мәселесін көтерген. Атап айтқанда, депутат Ева Божена Копач былтыр "құзырлы органдар қысымдарынан кейін қайтыс болған" саяси белсенділер Аманбике Хайрулла, Серік Ораз және Ғарифулла Ембергенов жөнінде айта келе:

Билік бұл өлімдердің ашық, әділ тексерілуіне кедергі жасап отыр. Бірде-бір қылмыскер жауапқа тартылған жоқ, деп мәлімдеген.

Финляндиялық еуродепутат Хейди Хаутала Қазақстанда болып жатқан саяси қудалаулар мен қамауларға президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты екенін ескертіп, билік өкілдерін жауапқа тартып, санкция салатын уақыт жеткенін айтқан.

Президент Тоқаев азаматтық қоғам өкілдерін қудалауға, жаппай қамаулар мен оппозиция мүшелерін басып-жаншуға тікелей жауапты. Қазақстан билігін жауапқа тартатын уақыт жетті. Бізде адам құқығына қатысты жаһандық санкция режимі бар. Соны қолданайық, – деп мәлімдеген депутат.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда белсенділер мен тәуелсіз ұйымдарды қудалау күшейген. 2020 жылдың қараша айында (парламент сайлауының қарсаңында) "Адам құқықтарын қорғау бюросы", "Халықаралық құқықтық бастама", "Медианет халықаралық журналистика орталығы", "Эхо", "Еркіндік қанаты" сияқты бірнеше ұйым салықтық тексеруге алынған, бірнешеуіне айыппұл салынып, үш айға дейін жұмысын тоқтату туралы сот шешімдері шыққан. Құқық қорғаушылар мен ұйым өкілдері бұның саяси астары бар екенін айтқан. Бірақ кейіннен бұл шешімдердің барлығы күшін жойған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: