Жаңалықтар тізбегі
0

Аңшылық алқаптар мен су айдындарын беру конкурстары онлайн өтеді

Romolini Immobiliare, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 22:40 Romolini Immobiliare
Өзгерістер осы жылдың басынан бастап күшіне енді.

Бұл ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болды. Өзгерістер осы жылдың басынан бастап күшіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, өзгерістер аталған конкурсты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық нысанда өткізуді көздейді. Ұсынылып отырған конкурсты өткізу рәсімін автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік мүлік тізілімі порталының функционалын "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мамандары көрсетілген қағидалардың талаптарын ескере отырып пысықтауда. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, сондай-ақ аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қатысуымен порталдың енгізілетін қызметтеріне тестілеу жүргізілетін болады.

Аталған конкурстар елдің жеке немесе заңды тұлғаларына өздеріне бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру үшін өткізіледі.

Аңшылық шаруашылықтары мен балық шаруашылығы су айдындарының аумақтық орналасуына және мәніне (жергілікті, республикалық, халықаралық) байланысты оларды бекітіп беру жөніндегі конкурстарды министрлік немесе жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: