Сағынтаев Алматыда азық-түлік бағасының неге өсіп жатқанын түсіндірді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 19:02 Pixabay
Әкім кейбір азық-түлік тауарлары бағасының өсуі маусымдық сипатқа ие екенін айтты.

Тұрғындармен есеп беру кездесуі кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен жылы біз бюджеттен 7 миллиардты қайтарымды негізде бөлгенімізді, әлеуметтік маңызды азық-түлік қорын құрғанымызды білесіздер. Біз бағаларды 18 әлеуметтік азық-түлік тізімі бойынша ұстап тұрдық. Қазақстандағы ең төменгі баға бізде тіркелген. Егер бұл жұмыс жүргізілмеген болса, онда бағалар одан әрі шарықтаған болар еді. - деді Сағынтаев.

Әкім кейбір азық-түлік тауарлары бағасының өсуі маусымдық сипатқа ие екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: