Жаңалықтар тізбегі
0

Нұртілеу Иманғалиұлы артында өшпес із қалдырды – Нығматулин

qazaqstan.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 19:13 qazaqstan.tv
Телевизия саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақ телевизиясының майталманы, халқымыздың қадірлі ұлы, танымал тұлға Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы бұл қазақстандықтар үшін, қоғам үшін, қазақ телевизиясы үшін орны толмас ауыр қаза екенін айтты.

Нұрлан Нығматулин көңіл айту жеделхатында:

Нұртілеу Иманғалиұлы ұлтын, елін, жерін құрметтеген үлкен жүрегімен, саналы ғұмырын егемен еліміздің игілігіне арнады. Мағынасы терең, жауапкершілігі зор көптеген салмақты бағдарламаларды асқан шеберлікпен жүргізіп, өзекті сұрақтардың шешімін табуына өлшеусіз үлес қосты. Телевизия саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, мыңдаған шәкірттер тәрбиелеп артында өшпес із қалдырды, деді.

Палата Спикері асыл азаматтың ақжарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: