Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда "үлескерлер" 10 жыл бойы үйіне кіре алмай жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 21:32 видеодан кадр
Баспаналы болуды арман еткендер "Жағалау-3" тұрғын-үй кешенінен үй алғандар.

Бір топ елордалық Президент пен қала әкімінен көмек сұрады. Олар 10 жылдан бері қыруар қаржы құйған баспаналарына кіре алмай жүргендеріне қапалы. "Жағалау-3" тұрғын-үй кешенін үйлі болу үшін 15 миллионнан бастап қаржы құйғандар алдандық дейді. Сондықтан биліктегілерден араша сұрады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Баспаналы болуды арман еткендер "Жағалау-3" тұрғын-үй кешенінен үй алғандар. 29-шы блог деп аталатын нысаннан пәтерлі боламыз деп жүргендеріне 10 жылдың жүзі болыпты. Алайда тұрғын үйдің не атауы, не құжаты жоқ.

Құлахмет Медетжанов, үлескер:

Қазіргі үйдің жағдайы черновой дегенге де жатпайды. Бетін сылап өтіп кеткен. Бір рет. Стояктардың орнын құймаған, вентиляция, отдушина деген болмаған. Ештеңе жоқ болды.

Пәтерге кемінде 15 миллион теңге салғандар құрылыстың тұралап қалуына "АСИ" инвестициялық құрылыс компаниясын кінәлайды. 2010 жылы ұйым басшысы Сергей Котляров "ақшасыз қалдым" деген сылтаумен жұмысты кенеттен тоқтатқан. Адамдар түрлі органға жүгінген. Пайда жоқ. Ал, биыл мердігер қайта санақ өткізіп, әр шаршы метрді 7,5 мың теңгеге жөндеп беруді ұсыныпты.

Құлахмет Медетжанов, үлескер:

7,5 мың теңгеден. Бір шаршы метрге. Ондай баға жоқ. Оған біз мынандай баға жоқ десек, бізге айтатыны: "Сіздің он жыл бұрыңғы төлеген ақшаңыз қазіргі ремонтқа сәйкес емес", дейді. Он жылдан бері не істедің сен? Ақша қайда?.

Суы жоқ, шатыры тесік, инфрақұрылым тартылмаған үйден пәтер алғандар 10 жылда көршілеріміздің қатары серейді, дейді. Араларында сарылып күтіп, күйіктен мүгедек болғандар да бар. Солардың бірі ел билігінен көмек сұрады.

Анар Валеева, үлескер:

Көлгіновтен де, Президенттен де осыны айтып, міне көріп тұрсыздар ғой, таяқпен әрең келіп тұрмын осы жерге. Белім ауырып тұр, осы тұрғанда. Сол сұрайтыным.

Әкімдіктегілер "Жағалау-3" тұрғын-үй кешеніндегі мәселе жақында шешіледі дейді. Шенеуніктер мердігер нысанның құжатын тиісті органға тіркеу үшін өткізбей келетінін де айтады.

Ерік Қанафин, қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасының бөлім жетекішісі:

Әкімдік әлі нысанды қабылдаған жоқ. Мердігер декларацияны тапсыру керек, бірақ ол әлі үйді тіркеу туралы өтініш берген жоқ. Тапсырғанда нысанның дайындығы қаралады. Соның нәтижесінде шикілік табылса, құрылыстың барысын бақылаған авторлық-техникалық мамандар анықталады.

Сергей Котляровтан күдерді тек азаматтар ғана емес, әкімдіктегілер де үзген сыңайлы. Сондықтан қала бюджетінен 500 милион теңге көлемінде қаржы бөліп, шикілей қалған құрылыстың бір-екі олқылықтарын жасап беріпті. Енді бакнротпын деген "АСИ" инвестициялық құрылыс компания басшысы оны қайтаруы тиіс. Шенеуніктер "Жағалау-3"-те үш үй мен тағы осынша кіреберіс жөнделуі керек дейді. Ал, қала бойынша 42 үй құрылыс тұралап қалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: