Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат уран өндіру мәселесі туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 19:09 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Бұл құжат бір топ Парламент депутатының бастамасымен әзірленген.

18 ақпанда Сенатта "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобас қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құжат бір топ Парламент депутатының бастамасымен әзірленген.

Алайда, сенаторлар ел Президентінің мемлекеттік және жеке меншік операторларды құруға тыйым салу туралы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жобалау құжаттары мен уран кен орындарын игеру талдауына тәуелсіз сараптама операторын құруға қатысты ережелерді алып тастауды ұсынды.

"Уран стратегиялық шикізат болып табылады және оны өндіретін қорларды есепке алу еліміздің отын-энергетикалық кешенін дамытуды белгілейді. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттағы міндеттемелерді орындау сапасын арттыруға және уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары туралы ережені жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл, сайып келгенде, Қазақстан әлемде жетекші орын алатын саланы дамыту жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді сенатор Ерік Сұлтанов.

Сенаторлар енгізген түзету Парламент Мәжілісіне жіберді.

Сонымен қатар депутаттар бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарастырып, екі оқылымда қабылдады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі міндеттер Мемлекет басшысының сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген болатын. Бұл заңның қабылдануы халықтың заң шығару процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық негіз қалыптастырады және Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы болып табылады.

"Әзірленетін заңдардың сапасын арттыруға, олар бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қабылданған заңдардың орындалуын бақылауға арналған тетіктер анықталады. Заң аясындағы өзгерістер заңшығарушылық процесті жаңа деңгейге көтеріп, оның ашықтығын және тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: