Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрлігі сатушыларға аударылатын ақшаға салық салмақ

pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 20:29 pavlodarnews.kz
Қазақстандықтардың ақша аударымдарына салық салу мәселесі 2019 жылы көтерілді. Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов төлем түріндегі ақша аударымдарына салық салынуы керек екенін атап өтті.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов тұтынушылардың сатушыларға карта арқылы жасаған ақша аударымдарына салық салу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұялы банктік қосымшалар арқылы тұтынушылардан кәсіпкерлерге түсетін ақша аударымдарын фискалдау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын, олардың көлемі еселеп ұлғайғанын көріп отырмыз. Бірақ, сонымен бірге, тиісті салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салықпен толық қамту міндеті тұр. Әрине, жеңілдік берілгендерді ескере отырып, - деді Смайлов Қаржы министрлігінің кеңесінде.

Бұған дейін Қаржы министрлігіне банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау саласындағы жұмысты күшейту ұсынылған болатын.

Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Жалпы, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажет, - деді Смайлов 9 ақпандағы үкімет отырысында.

Қазақстандықтардың ақша аударымдарына салық салу мәселесі 2019 жылы көтерілді. Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов төлем түріндегі ақша аударымдарына салық салынуы керек екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: