Сапарбаевтың онлайн жиынында оқыс жайт орын алды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 22:01 Баспасөз қызметі
Әкім тұрған мінберге бекітілген елтаңба салдыр-гүлдір құлады.

19 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шара онлайн режимінде өтті және ол бірнеше ақпараттық ресурс арқылы, соның ішінде облыстық "Жамбыл" телеарнасынан да көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақ басшысы жұрттан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда мінберге бекітілген елтаңба салдыр-гүлдір етіп жерге түсті. Сасып қалған әкім сөзін ортасынан үзіп, төменге үңіліп жерде жатқан ел рәмізін көрді.

Әкім мемлекеттік рәмізді көтеруді сұрады, содан кейін ғана сөзін жалғастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: