Ертең халыққа Қарағандының вакцинасы егіле бастайды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2021 21:38 inform.kz
"Спутник V" вакцинасы аймақтарға жөнелтіледі.

Таяу күндері тұрғындарға Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген COVID-19 вирусына қарсы "Спутник V" вакцинасы егіле бастайды. Осылай деп дәрі-дәрмек тарататын бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" баспасөз хатшысы Серік Мұқашев хабарлады, дейді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Оның сөзінше, 23 ақпанда жұмыс сапарымен Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов келеді. Оның қатысуымен вакцинаны жүкке тиейді.

Ертең аймақтарға жіберуге дайындық басталады. Барлығы 90 мың дана. Бұл Қазақстанда өндірілген бірінші вакцина. "СК-Фармацияның" төрт хабы - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізіледі. Ол жақтан басқа аймақтарға жіберіледі, - деді Серік Мұқашев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: