Жаңалықтар тізбегі
0

Пандемия 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін - ДДСҰ

ТАСС, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 19:59 ТАСС
Алайда ол бұл індеттің қайта өршуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге пандемия келесі жылдың басында аяқталады деп санайды. Оның үстіне ол "күтілген ең нашар жайттар" артта қалғанын, өйткені вирус туралы пандемияның басталған кезінен қарағанда көп нәрсе білеміз, - деді ол, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

"Күтілген ең нашар сценарий аяқталды. Біз вирус туралы көбірек білеміз, вирус ақырындап тарала бастаған 2020 жылмен салыстырғанда", - деді Клюге Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында.

Ол коронавирус тудырған пандемия 2022 жылдың басында аяқталатынын, дегенмен вирус жоғалмайтынын, бірақ енді барлық шектеулер жойылатынын жеткізді. Алайда ол бұл індеттің қайта өршуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Коронавирустың мутацияға ұышрауы, Клюгенің айтуынша, қалыпты процесс.

ДДҰ COVID-19 вакциналарының тиімділігін мұқият бақылап отырады, егер қажет болса, жаңа мутациялармен күресу үшін өзгерістер енгізеді, - деді ол.

ДДҰ деректері бойынша, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 111,1 миллион адамнан асады, одан 2,46 миллион адам қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: