Жаңалықтар тізбегі
0

Садыр Жапаров алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады

Official publication, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 22:36 Official publication
Садыр Жапаров Қырғызстан президенті болып 10 қаңтарда сайланған.

24 ақпанда Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаров алғашқы ресми сапармен Ресейге кетті, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері мен даму болашағын талқылайды.

Сонымен бірге Жапаров орыс үкімет басшысы Михаил Мишустин, Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинмен кездеседі.

Президентпен еріп барған ресми делегацияның құрамында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, президент аппаратының жетекшісі Сүйүнбек Касмамбетов, 1-вице-премьер-министр Артем Новиков, вице-премьер-министр Улан Кармышаков және өзге үкімет мүшелері, Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат, Бішкек қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бактыбек Кудайбергенов бар.

Сапар барысында Қырғызстанға берілетін вакцина, гранттық көмек және жеңілдетілген 100 млн доллар несие алу, жана-жағармай, темір жол және ұшақ қатынастары бойынша келіссөз болатыны хабарланған.

Садыр Жапаров Қырғызстан президенті болып 10 қаңтарда сайланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: