Ерлан Қиясов ЖОО-лардың қашан іске қосылатындығы туралы айтты
primeminister.kz
Жақын арада жаңа өзгерістер енгізілген қаулы қабылданатын болады.
ЖОО студенттерінің оффлайн оқуға көшу мәселесі талқыланып жатыр, деп мәлімдеді вице-министр, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Біз барлық мүмкіндіктерді қарастырып, жұмыс істеп жатырмыз, соның ішінде Білім министрлігімен бірге қарастырып жатқан біраз нәрсе бар. Дегенмен алдын ала тон пішпелік. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз үшін жағдайдың тұрақтануы кезекті эпизод болмауы маңызды. Оның карантин шектеулерін жұмсартуға мүмкіндік беретін арнаға түскені біз үшін аса маңызды, - деді бас дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол ВАК-тың бүгінгі отырысында карантиндік шараларды жұмсартуға бағытталған бірқатар шаралар жарияланғанын атап өтті.
Жақын арада жаңа өзгерістер енгізілген қаулы қабылданатын болады.
КВИ-дің таралуын тұрақтандыруға арналған бұл жағдай әртүрлі қызмет түрлеріндегі шектеулерді біртіндеп алып тастауға көмектеседі деп үміттенеміз. Бүгін біз цирктердің жұмысына рұқсат беру жайын қарастырдық. Одан бөлек, "Ashyq" бағдарламасын іске асыру арқылы боулинг, компьютерлік клубтар және бұқаралық спорт жарыстарымен байланысты іс-шараларға рұқсат беру қарастырылды, - деп түсіндірді Қиясов.
Бұған дейін "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева "жасыл" және "сары" аймақтардағылар үшін карантин шараларының жұмсартылуы туралы мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript