Қазақстанда жаңа кен орыны табылды
![pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 20:59](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5e7c3ed8-32b1-4c27-b0b5-16454c650f40/800x452.webp)
Зерттеу талдаулары бойынша, мұндағы мұнай - жеңіл, стандартты әдістермен шығаруға қолайлы.
Маңғыстау облысында ірі мұнай кен орны табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңа кен орны бірден екі ауданның - Маңғыстау мен Бейнеудің аумағында орналасқан Тепке учаскесінде болып табылады. Оған жақын маңда бұрыннан белгілі Қарақұдық, Арыстановшы және Комсомолшы сынды кен орындары бар.
Зерттеу талдаулары бойынша, мұндағы мұнай - жеңіл, стандартты әдістермен шығаруға қолайлы. Көмірсутектер қоры ұңғыма құрылысы мен игеру жұмысы аяқталған соң есептелетін болады. Жаңа кен орнына аты аңызға айналған барлаушы-геолог, бас мұнайшы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript