Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2021 15:50 24.kz
25 наурызда жұмысқа шығамыз.

2021 жылдың наурызында қазақстандықтарды 12 демалыс күні мен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
  • Наурыз – Көктем мен табиғаттың жаңаруы (21-23 наурызда тойланады)

Күнтізбе тәртібі

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2021 15:50

8 наурыздың демалысы

Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлата алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Аптасына алты күн жұмыста жүргендер 7 және 8 наурызда демалады.

Наурыздың демалысы

Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбі екен, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады.

Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалып қалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Алты күндік жұмыс аптасы болған жағдайда демалыс 21, 22, 23, 24 наурызда беріледі.

Осылайша, 25 наурызда жұмысқа шығамыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: