Павлодар облысында 1 наурыздан бастап 19 мыңнан астам оқушы мектептен оқиды

Pavlodarnews.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2021 23:37 Pavlodarnews.kz 
Мектептен оқу үшін арнайы анықтамалардың қажеті жоқ. Алайда мектептердегі фильтр күшейтіледі: аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда бала үйге қайтарылады.

Павлодар облысында 1 наурыздан бастап 5-9 сынып оқушыларына мектептен білім алуларына рұқсат берілді, дегенмен белгілі бір шектеу мен тыйымдар бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтқанын жариялады.

Наурыздан 500 баладан астам контингенті бар 238 қала және ауыл мектептері дәстүрлі форматта оқытуды бастайды. Әрбір сыныпта 15 баладан артық топ жинауға тыйым салынады. Сондықтан 19 мыңнан астам оқушы дәстүрлі оқуға кіріссе, 199 мектептегі 40 мыңнан астамы қашықтықтан оқуларын жалғастырады, - дейді Дінислам Болатханұлы.

Мектептен оқу үшін арнайы анықтамалардың қажеті жоқ. Алайда мектептердегі фильтр күшейтіледі: аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда бала үйге қайтарылады.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы атап өткендей, 11-сынып оқушылары ІІІ-тоқсаннан, ал 9-сынып оқушылары 1 наурыздан бастап құрама оқу жүйесі бойынша білім алуда.

Сонымен қатар, 1 наурыздан жоғары оқу орындарында білім алатын 2432 1-курс студенттері дәстүрлі форматқа көшіріледі. Бұл студенттердің 40 процентін құрайды. Қалғандары қашықтықтан оқи береді.

Айта кетейік, күні кеше Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, карантинге бірқатар өзгеріс енгізілді. Қаулының толық мәтіні мына жерде берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: