Утильсбор деген бәле бүкіл мәшинені қымбаттатып отыр
kolesa.kz
Ресей нөмірін таққан мәшине толып жүр. Олар Қазақстанға салық төлемейді. Сонда не ұттық? Ұтқан РОП қана сияқты.
Ауыл шаруашылығы техникалары қайта өңделеді дегенге елеңдеп қалдым. Техниканы қайта жөндейтінін естігем, өңдейтінін білмейді екем. Тек Хабар-24 қана емес, басқа да БАҚ осылай жазып жатыр, деді желіде Асылхан Мамашұлы.
Бұл сөзді әу баста шығарған утилизация жасаумен шұғылданатын РОП екен. Ескі трактор, комбайндарды утилизацияға қабылдайды да, иесіне 1-2 млн теңгенің сертификатын бере салады.
Ал техниканы әрі қарай "қайта өңдеуге" жіберу үшін престеп тастайды. Бірақ трактордан белесебет жасай ма, сабын жасай ма, белгісіз. Қазақстанда темірді ерітіп, қайта өңдеп, жаңа техника жасап жатқанын естімеппін. Бәлкім, орден, медаль жасайтын шығар. Әйтеуір қайта өңдеу деген аты зор, дейді ол.
Оның пайымдауынша, шын мәнінде, бүкіл мәшинені қымбаттатып отырған осы утильсбор.
Күші 2,4 мәшинеге кеден алымынан өткенде 3-4 млн теңге төлеуің керек. Ауыр техниканікі, тіпті сұмдық. 1-2 млн сертификаты түк те болмайды. Мақсат - отандық автоөндірісті қолдау екен. Қолдаған Өскемендегі зауыты әумин болды. Халықтың мініп жүрген мәшинесі қатты ескірді. Автобөлшек сататындардың құдайы беріп жатыр. Есесіне, Ресей нөмірін таққан мәшине толып жүр. Олар Қазақстанға салық төлемейді. Сонда не ұттық? Ұтқан РОП қана сияқты. Ал мемлекеттік БАҚ утилизация деудің орнына РОП-тың сөзін сөйлеп, трактор қайта өңделеді деп соғып жатыр. Кәйтейін, кәйтейін, деп күрсініп қойды пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript