Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда "Алғыс айту" күніне орай "Бейбітшілік пен келісім" жобасы бастау алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 00:36 zakon.kz
Меркі ауданындағы алғашқы кездесулер де өткізіліп, қарқынды жұмыстар басталып кетті. Мәселен, "Этнос және конфессияаралық келісім" тобы "Меркі Ата" мешітінде дін қызметкерлерімен, тұрғындармен кездесу өткізіп, онда халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни ахуалды бақылауда ұстау бойынша мәселелер талқылады.

Азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, ауыл шаруашылығы бағытында несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, құқықтық кеңес беру, бизнесті қолдау және дамыту мақсатында "Бейбітшілік пен келісім" жобасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

1 наурыздан Меркі ауданынан басталып, облыстың 7 ауданында жалғасатын жоба аясында 50-ден астам сала мамандары "Этнос және конфессияаралық келісім", "Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту", "Құқық қорғау саласы" бағыттары бойынша 3 топқа бөлініп, ауыл тұрғындарын қабылдап, кездесулер өткізетін болады.

Меркі ауданындағы алғашқы кездесулер де өткізіліп, қарқынды жұмыстар басталып кетті. Мәселен, "Этнос және конфессияаралық келісім" тобы "Меркі Ата" мешітінде дін қызметкерлерімен, тұрғындармен кездесу өткізіп, онда халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни ахуалды бақылауда ұстау бойынша мәселелер талқылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 00:36

Жат ағымдардың шүрмеуіне түсіп, өмір жолынан адасып жүрген азаматтар санын шектеу бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.

Ал, "Отбасындағы әйелдер образы және тәрбие" тақырыбында өткен Аналар кеңесінде облыстық "Қоғамдық келісім" орталығының бөлім басшысы А.Қаратаева сөз сөйлеп,

Ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасқан. Соңғы жылдары көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл да мемлекет тапарынан отбасылардың сапалы өмір сүруіне көп септігін тигізері анық" деді.

Бұдан соң Меркі аудандық аналар кеңесінің төрағасы Қайнаркүл Таттығұлова отбасындағы құндылықтар туралы сөз қозғап:

Заманында дайын ештеме болған жоқ. Бәрін таза еңбекпен істедік. Қызмет те еттік, бала да таптық, бақтық. Ынтымақ, бірлік бар жерде ауызбіршілік пен тыныштық та болады. Отбасы ол кішкентай мемлекет. Отбасылық құндықытарды бағалай білу керек, - деп, ойымен бөлісті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 00:36

Аталмыш жоба өткен жылы облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен этнос өкілдері тығыз орналасқан аудандарда жүргізіліп, 1200 жуық іс-шара ұйымдастырылып, 30 мыңға жуық адам тартылса, 2000 азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 709 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 236 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: