Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстанбек Мұхамедиұлына ақпараттық шабуыл жасалды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 15:17 видеодан кадр
Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты.

Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей, деп жазды желіде "Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі" РМҚК директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған... Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет. Ал барлық достарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтам, делінген жазбада.

Әлгі видео What's App арқылы таралып жатқан көрінеді. Онда "Мұхамедиұлының туыстарының атына жазылған" деген жылжымайтын мүліктер түгенделеді.

Коммент жазған біреудің пайымдауынша, бұл видеоның "элитатанушы" блогер Ербол Еділовтың телеграм-каналында көрсетілгені көп жайды аңғартады.

Мұхамедиұлының нақты не бүлдіргені немесе кімнің жолын кесіп кеткені белгісіз, бірақ осы шабуыл арқылы оған егер келісімге келмесе, ертең сотта қандай перспектива күтіп тұрғаны ескертілді, депті ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: