Еліміздің екі облысында қолайсыз ауа-райына байланысты жолдар жабылды
Қазақстанның екі облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты көліктердің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің шұғыл хабарламасында айтылады.
Жол қозғалысының шектеулері туралы жедел ақпарат:
03.03.2021 жылы сағат 00.45-те Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент тас жолының Батыс Қазақстан облысы - Қобда ауылымен түйісетін 526-615 шақырымдық жол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
03.03.2021 жылы сағат 00.45-те Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі), Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысы Постепное ауылымен түйісетін 265-526 шақырымдық жол учакесі барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.