Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жапаровқа "Астана" халықаралық қаржы орталығын көрсетті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 21:16 Ақорда
Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Іс-шара соңында "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: