КВИ мен пневмониядан көз жұмғандардың жаңартылған статистикасы
Қазақстанда өткен тәулікте 11 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
4 наурыздағы жағдай бойынша, 19 053 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (13227: КВИ + және 5826: КВИ -), олардың 4 418-і стационарларда, ал 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ+ және КВИ- науқастар арасында: ауыр жағдайдағылар - 237 науқас, өте ауыр жағдайда - 45 науқас, өкпеге ауа жіберу аппаратына қосылғандар - 51 науқас, - делінген COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК.
COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер:
2021 жылдың 2 наурызындағы жағдай бойынша бұл аурудың 46 жағдайы, 5 кісі өлімі тіркелді. Емделіп жатқан 216 адам жазылды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген жағдайлар - 49 418, кісі өлімі - 635, емделіп, ауруынан жазылғандар - 42 957.