Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан мұқтаж отбасыларға үй алу үшін 10 проценттік субсидия береді

УзА, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 21:41 УзА
Мирзияев бұдан бөлек мыңдаған отбасына, әсіресе ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.

Өзбекстанда биыл ипотекаға үй алу үшін бастапқы жарна 20 пайыздан 15 пайызға түседі. Бұдан бөлек ипотекалық несие бойынша алты айлық жеңілдік мерзімі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

3 наурызда президент Шавкат Мирзияев тұрғын үй құрылысын дамыту және ипотекалық нарыққа қатысты видеоконференцияда сөз сөйледі.

Тұратын үйін жақсартуды қалаған аз қамтылған отбасылар бастапқы 15 пайыздық төлемнің 10 пайызын субсидия ретінде ала алады. Былайша айтқанда, ипотекаға үй сатып алғысы келсе, бастапқы жарнаның 5 пайызын ғана төлейді, деді Мирзияев.

Ипотека шегі 12%, басқа аймақтарда 10%-дан асқан жағдайларда да несиенің бір бөлігі субсидияланады.

Мәселен, ауылды жерден көлемі 54 шаршы метр пәтер алуды қалаған отбасы (шамамен мұндай үй 216 миллион сум немесе 20,5 мың доллар тұрады) бастапқы 3000 доллардың орнына 1000 доллар ғана төлейді. Қалғаны бюджет есебінен жабылады. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша отбасы айына 143 доллардан төлеп тұрса, мемлекет ай сайын қалған 100 долларын жауып тұрады, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Шавкат Мирзияев бұдан бөлек мыңдаған отбасына, әсіресе ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: