Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев Үкімет басшысын қабылдады

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 03:16 Елбасы сайты
Кездесу барысында ұлттық экономикаға инвестиция тарту жұмысының маңызы атап өтілді.

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ Елбасыға жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

"Үкімет алдында экономиканың 3 пайыздан артық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы негізгі драйверлер болып саналады. Қызмет көрсету секторы қалпына келе бастады. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін іскерлік белсенділікті ынталандыру шаралары үш бағытта жүргізіледі. Ол­ – қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, бизнеске түсетін ауыртпалықты азайту және өткізу нарықтарының қолжетімділігін кеңейту", — деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар кездесу барысында ұлттық экономикаға инвестиция тарту жұмысының маңызы атап өтілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: