Жаңалықтар тізбегі
0

Екі зауыт жұмысын тоқтатса, бензин тапшылығы орын алып жүрмей ме?

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2021 20:31 Pixabay
Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысындағы ақауларға байланысты Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жұмыс екі аптаға кейінге шегерілді.

Энергетика министрлігі екі мұнай өңдеу зауыты жөндеу үшін жұмысын уақытша тоқтатқанда елімізде бензин тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қазақстандықтар Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу кезінде бензин тапшылығын сезінбейтіндігін айтты.

Қаңтардан бастап біз қор жинау үшін мұнай өнімдерін экспорттауды тоқтатты. Бұл уақтылы шара болды деп айтуға тиіспін. Бензин бойынша біздің қордағы көлем 200 мың тоннадан 250 мың тоннаға дейін өсті, дизельдік отын бойынша да өсім байқалады, - деді ол.

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысындағы ақауларға байланысты Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жұмыс екі аптаға кейінге шегерілді, деп мәлімдеді. Салдарынан Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу шамамен 10 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізіледі. Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары шамамен күзде жүргізілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: