"ҚазТрансГаз" АҚ "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясына айналды
"ҚазТрансГаз" АҚ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ дербес портфельдік компаниясына айналды. Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, "Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз" арасында "ҚазТрансГазды" "Самұрық-Қазына" қорының сенімді басқаруына беру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Осылайша, "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады, - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында "Самұрық-Қазына" қорының Басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазТрансГазды" "ҚазМұнайГаздан" "Самұрық-Қазына" қорына тікелей бағындыру міндетін қойған болатын.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырды.