Нұр-Сұлтан мен Наньнин арасында жаңа теміржол бағыты ашылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 16:53 inform.kz
Қытай билігі темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.

Қытай мен Қазақстан арасында Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағдары іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар "Қытай –Еуропа" халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды.

Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін, – деп мәлімдеді қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясы.

China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар "Бір белдеу – бір жол" бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі "Бір белдеу, бір жол" жобасы аясында "Қытай – Еуропа экспресін" дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: