Жаңалықтар тізбегі
0

Камалжан Надыров жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 16:56 Баспасөз қызметі
Ол 2019-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болған.

Камалжан Надыров ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Надыров Камалжан Талғатұлы 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар - медициналық және экономикалық.

С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін, "Тұран" университетін бітірген. Жоғары денсаулық сақтау мектебінің магистратурасында оқыды. Назарбаев Университетінің Execuitive MBA дәрежесі бойынша Іскерлік мектебін тәмамдады. Әр жылдары ол Duke University, "The Fuqua School of Business" (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур), группа клиник "Florence Nightingale" (Түркия),"Social Health Insurance system" (Германия) сынды оқу орындарынан дәріс алып, біліктілігін арттырды.

2007 жылдан 2014 жылға дейін академик Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2016-2017 жылдар аралығында "University Medical Center" республикалық диагностикалық орталығын" басқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарды, 2019-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып жұмыс істеді, 2020 жылғы маусымнан қазанға дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: